Компьютер дос немесе жау

Компьютер дос немесе жау

Тақырыбы: Компьютер дос па, жау ма?

Мақсаты: Оқушылардың уақытты үнемді пайдаланып , компьютерді тек өз уақытымен пайдалануға дағдыландыру, ғылым-білімге жетелей отырып,өз денсаулығын сақтап, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Буклет, компьютер, ұялы телефон, планшеттер макеті,қанатты сөздер, балалар салғсан суреттер топтамасы.

III. Негізгі бөлім. (Көрініс)

I. Ұйымдастыру. (Оқушылардың көңіл-күйін көтеретін шаттық шеңберін өткізу). Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (жанындағы баланы көрсетеді)

Қуануайық достарым, (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге! (қолдарын жоғары көтереді)

II. Кіріспе сөз. Құрметті оқушылар, қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның білімі мен мәдениетінен анықталады. XXI ғасырды ақпараттандыру ғасыры дейміз.Соған орай, біз бүгінгі заман ағымына сай ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуымыз керек. Ол үшін ақпаратты алумен қатар компьтерді қалай падалану керетігін өте есте сақтауымыз қажет екен. Бүгінгі тәрбие сағатын нағыз ұлт жанашыры,тәуелсіз елдің құрбандарын ақтап шыққан белгілі қоғам қайраткері, ақын М.Шахановтың «Компьютер басты жарты адам» атты өлеңінен үзінді айтып бастайын:

Біз қаншама жас өскінді аттандырдық шет елге,

Білім алып келсін дедік,

Жер, ел танып келсін дедік.

Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?

Зұлымдық та білім — қызға ғашық болып сүйісті,

Кім тежемек, кім қайтармақ бұл пенделік күйісті?

Жалғыз жол бар: білім әркез рухани байлыққа

Терең тамыр жіберуге тиісті.

Қайтсек екен, монитор көз, компьютер бас жас талап,

Білім + Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?

Қай кезде де білім – күшің әрі нұрлы жетегің

Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін

Кім ойлапты, құдайым-ау, егер ұры қаншама,

Зор білімін қару етсе жан сала,

Бейқам елге оның «сыйлар» азабы да соншама.

Міне, ақын ағамыздың осы пайдасы мен қаншама «азап сыйлайтын» бүгінгі қаһармандарымызға сөз кезегін берейік.

III. Негізгі бөлім. (Көрініс)

( Компьютер, ұялы телефон, планшет, интернет келеді де, мақтаныш сезімімен өз сөздерін айтады)

IY.Пысықтау. Мұғалім сөзі.

1) Оқушыларға сөз ( өлеңдер оқылады).

2) Оқушылардың салған суретерін сөйлету.

Жаһанданып қоғамың жаңарғасын,
Өміріңнің өзгертті бар арнасын.
Компьютер алдынан бір шық па йсың,
Ғаламторға телмірген за ма ндасым.

А ма лдарды ұмытсаң бар қайырлы,
Ғаламтордан аласың қандай үлгі.
Таңға дейін ма ужырап отырасың,
Ма ниторға ұрғанша ма ңдайыңды.

Уақыт тауып сырласып,мұң шағатын,
Дос тарыңның оқисың мұнша хатын.
Құдайды ойлап,бірақ та бір тәуліктің,
Құлшылыққа қи ма йсың бір сағатын.

Танымың тар қапасқа қа ма л ма сын,
Аллаға иіу керек адам басын.
Босқа өткізіп,өлтірген уақытыңды,
Өкінішті,қайтарып ала ал ма сың.

2. Коьпьютермен жұмыс істеу үшін 14 кеңес.

Калифорниялық бір ер кісі Online (қосулы тұрған)-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай өзі отырған қара шаңырақты да осы компьютердің жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: ”Мен үшін компьютерде отыру үйімнің болғанынан да артығырақ. Мен компьютер арқылы көп достар таптым. ” депті.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі
5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютер

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: топпен жұмыс істеп және жастар арасындағы интернетке
тәуелді болдырмаудың алдын алу жолдары туралы түсінік беру
Б) Дамытушылығы: медиа құралдарды пайдаланып, ойды түсіндіре отырып, өз
пікірін ашық, еркін қорғай білу дағдыларын қалыптастыру
В) Тәрбиелігі: оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Әдіс тәсілдер: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, топтық әдістер.

Көрнекіліктер: слайдтар, суреттер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топқа бөлу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.

1.«Дос» дегеніміз кім? – деген сұрақ қою арқылы 2 топ постер қорғайды.

2.Досымның мінезі қандай? Мінез дегеніміз не?
Мінез – адамның ішкі болмысы. Адам бойындағы көзге көрінбес қасиеттері. Осы
қасиеттердің жиынтығын мінез деп атайды.

3. Дос туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Сабақты мақал-мәтелмен қорыту.

ІІІ. Жаңа сабақ
1.Оқушылардың қызығушылығын арттыру
Компьютер туралы слайдтан суретін көрсете отырып, түсіндіру.

Жүйелік блок – компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, блоктың тоқ
көзіне қосылуын қамтамасыз етеді.

Читайте также:  Куда сохраняется видео adobe premiere

Пернетақта – ақпаратты енгізу құрылғысы
Принтер – ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы
Монитор – ақпаратты экранға шығару құрылғысы
Тінтуір – ақпаратты жылдам енгізу құрылғысы
Процессор – ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы

2) Сөздік жұмысын жүргізу, дәптерлеріне жаздырту.
Мышка – тінтуір, тышқан
Принтер – басып шығарғыш
Монитор – бейнебет
Интернет – ғаламтор

3) 2 топқа тапсырма беру.
І топ – компьютердің жақсы жақтары
ІІ топ – компьютердің жаман жақтары

4) 2 топтан ойларын дәлелдеу үшін тілшілер шығып, сұхбат алады.
І топ – сіз қалай ойлайсыз? Компьютердің жақсы жақтары бар ма?
ІІ топ – Ал, сіз қалай ойлайсыз? Компьютердің жаман жақтары қандай?

5) «Буриме» ойыны. Оқушылар тақырып бойынша интерактивті тақтада берілген
ұйқастың түріне өлең құрастыру керек.

. жатпаңдар,
. тастаңдар.
. жадырап,
. бастаңдар.
. әлеуметтік
желінде,
. балалардың бәріне.
. уақыт қымбат,
. кеш емес қой әлі
де!

Оқушылар осы тапсырма бойынша өлең құрастырады

6) жұмбақтар оқып, шешуін тапқызу. Шешуін орыс, ағылшын тілдерінде аударма
жасату.

1. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың
(тышқан, мышка)
2. Компьютерге енеді
Қағазды басып береді
(принтер – басып шығарғыш)
3. Мәліметті сұраған
Экранға шығарған
(монитор — бейнебет)
4. Төртбұрышты терезеден
Аласың жаңалық әлемнен
(ғаламтор — интернет)

7) Сабақты қорыту
— Міне, балалар, бүгін біз компьютер туралы, оның жақсы – жаман
жақтары туралы білдік.
Тіпті Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі:
«Твиттерде немесе басқа да әлеуметтік желілерде отырып, босқа
уақыттарыңды ысырап етпеңдер. Ең дұрысы өз араларыңда көп әңгіме – дүкен
құрыңдар. Өйткені, нағыз дос ғаламторда емес, жаныңда жүргенін ұмытпа.
Бүгінгі қоғамда адамдарды кітап оқитындар мен компьютерде отыратын деп екі
топқа бөлуге болады. Компьютерде отыратындар кітап оқитындарға өмір бойы
қызмет етіп жүреді», — дейді. Сондықтан да уақытпен санаспай, интернет
қызығына түсіп, басқа әлемде өмір сүргенше, шынайы өмірдің қызығын жүрекпен
сезініп, қолмен ұстап Адам деген ұлы есімді бағалай білейік. Көкірегі ояу,
жүрегі таза, денсаулығы мықты азаматтар болайық!

8) Үйге тапсырма: 1-тапсырма
9) Смайликтер арқылы оқушылардың білімін бағалау
10) Сабақты аяқтау.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек
кенті
Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінің
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қосмамбетова Ақмарал Сабырқызы

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.

Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.

Мазмұны

Зияны туралы [ өңдеу ]

Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

  • Көздің көру қабілетін төмендетеді;
  • Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
  • Жүйкеге салмақ түсіреді;
  • Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады.

Шығу тарихы [ өңдеу ]

Ақпарат ғасыры аталып жүрген ХХІ ғасырда бар шаруаны мойнына алған бесаспап бұл құралдың жақсы жақтарымен бірге қазірдің өзінде тигізіп отырған залалдары да аз емес. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде бой көрсетіп, оның салдарының адамзат үшін оңай болмайтындығын анық аңғартқан сыңайы бар. Бірақ, таяқ басымызға қашан тигенше мән бермейтін бейқамдығымызбен бесаспап құралдың залалдарына бүгінде назар аударып жатқан ешкім жоқ.

Читайте также:  Готика 2 кровь дракона для чего

Мұхтар Шаханов ағамыз осыдан біраз бұрын компьютер басты жартыкеш адамдар туралы жазып, жұртшылықтың назарын аудармақ болған еді. Бірақ, оған ден қойып, адамзат, оның болашағы үшін үлкен мәні бар бұл мәселеге көңіл аударған пенде болмады.

1990-шы жылдардың соңында табалдырығымыздан имене аттап, өмірімізге енген бүгінде төрімізді түгел жайлап алған компьютердің залалды жақтары қазірдің өзінде әр жерден атойлап анық байқалып отыр. Ол «хакер» деп ат қойып, айдар тағылған компьютердің бес-аспап шеберлерінің түрлі мекемелердің бағдарламаларына еніп, ірі көлемде ақша немесе аса құпия ақпараттар ұрлап, кәделеріне жаратуы сияқты сыртқы залалдарымен басталып, онан қалды, адамдардың ақыл-саналарына тигізетін кесапатты әсерлерімен өмірімізге тереңдеп еніп барады. Компьютер тек арнайы бағдарламалар бойынша белгілі бір саланың мамандарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын қарапайым құрал емес, оның ішінде түрлі қызықты ойындар, анықтамалар, интернет желісіне ену арқылы қалаған тақырыпта ақпарат алуға мүмкіндіктер бар. Бір сөзбен айтқанда, оның мүмкіндігі шексіз. Іздеген тақырыбың бойынша қалаған ақпаратыңды әп-сәтте ала аласың. Қалаған адамыңмен байланысып, көзбе-көз көріп отырғандай сөйлесуіңе немесе хат алмасуыңа әбден болады.

Тірі пендемен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын пенделер қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шетелдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті.

Күндіз-түні мониторға қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге жұмыс істейтін әріптестер, бала-шаға дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Компьютер әлеміне терең еніп, фәни жалғаннан қол үзіп бара жатқан пенделер қазір Батыс елдерінде көп кездеседі. Компьютерге кештеу көшкен ТМД елдерінде бұндай жағдайлардың шет-жағасы енді ғана байқалып жүр. Ол, әсіресе, жастардың арасында жиі көрініс беріп жатады.

Ежелгі үнді елінде үстемдік құрған ведалық өркениетте дхарма деген түсінік бар. Ол адамның туа бітті табиғи міндеті деген мағынаны білдіреді екен. Әр пенденің табиғи міндеті өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдармен, айналасындағы табиғатпен қарым-қатынаста болу. Егер біз айналамыздағылармен жақсы қарым-қатынаста болсақ, бұл дүниенің қызық-қуанышына кенеліп, тәнімізді тастаған соң жұмаққа енеді екенбіз. Веда ілімі осылай дейді. Яғни, екі дүниенің бақытына кенелудің жалғыз жолы айналамыздағы жандармен түсіністік, сүйіспеншілік, қайырымдылық қарым-қатынаста болу көрінеді.

Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, басқа да фәни игіліктермен қамтамасыз еткен компьютер бізді ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде. Күнұзақ балабақшада болып, анасын сағынған бүлдіршін оған еркелеп ойнағысы келсе, сүйікті сериалын көруге ынтыққан әйелге сәбиіне көңіл бөліп, бір сәт онымен жылы қарым-қатынаста болу мүлдем қызықсыз көрінеді. Осылайша, ана мен баланың, ерлі-зайыптылардың, көршілердің, әріптестердің ара-қатынасы алшақтап, әр пенде теледидар мен компьютерден, ұялы телефоннан өз қызығын тауып, оқшау тірлік кешуге көшкен түрі бар.

Ислам дінінің ежелгі ғалымдарының жазбаларында болашақта әрбір үйді өзінің еркіне бағындыратын жалғыз көзді құбыжықтың пайда болатындығы туралы мәтін бар. Ол жалғыз көзді құбыжықтың теледидар немесе компьютер екендігін қазір бәріміз көріп, біліп отырмыз. Адамның бойындағы адами ізгі қасиеттерінен айырып, бір-бірінен алшақтатып бара жатқан жалғыз көзді құбыжықтың залалы қазір көріп, естіп жүргендерімізбен бітпесе керек. Яғни, ол біз ойлағаннан әлдеқайда ауыр зардаптарға ұшырататын сияқты.

Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.

Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.

Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.

Читайте также:  Как создать виртуальный монитор windows 10

Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды.

Қорғану [ өңдеу ]

Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет.

Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.

Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.

Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.

Ғалымдар тұжырымы [ өңдеу ]

Бірінші жақ Нью-Йорктік ғалым Иван Голдбергтің теориясы бойынша 1995 жылғы енгізген Интернетке тәуелділік терминін (internet addiction disorder, қысқаша IAD) жақтаушылар. Иван Голдбергтің теориясы бойынша мұндай тәуелділік психикалық проблема ретінде сипатталған.

Интернетті шамадан тыс көп пайдаланудың нәтижесі Интернетке тәуелділікті тудыратындығы тілге тиек етілген.

Ал екінші жақтың өкілдері Интернетке тәуелділікті ауру ретінде санауға нақты дәлелдер жоқ екендігін алға тартады, яғни, алдыңығылардың тұжырымдамаларына қанағаттанбайды. Себебі,ауоуға тән ешқандай да синдром көрсетілмеген және Интернетке тәуелділік кезінде нендей жағдайлардың орын алатындығы да анық айтылмаған екен.

Бернад Батник, (ғалым, Гисен университеті (Германия), Психология факултеті) өз ойын былайша жеткізді: ”Интернетке тәуелділік проблемасы бар. өздерін интернет пайдаланудан алшақ ұстай алмайтын немесе интернет пайдалануды доғара алмайтын адамдар бар. Бірақ қалыпты адамдар мен тәуелділікке бой алдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды нақтылау да қиын болып отыр”. Турасында, ол кісі Интернетке тәуелділіктің арту кезеңінде ешқандай да автоматты түрде жүретін құбылыстың болмайтындығына сенімді: ”Интернетке тәуелді болу үшін алдын ала қандай да болмасын психикалық кемістіктер болуы шарт. Мысалы, алкагольді ішімдік ішетіндердің барлығы бірден алқаш бола қоймайтыны секілді.” — деп, өз ойын нақтылады.

Қазіргі таңда Еуропа аумағында 100 000 астам адам осы тектес проблемаларға тап болып отырғанға ұқсайды. Көбі интернет атаулыға түгелдей тәуелді, не болмаса интернетте шамадан тыс уақыт жоғалтып қоятындары да болады.

Осынау аурудың себептерінің қатарына интернет пен онымен тығыз байланыстағы виртуалды ортаны жатқызуға болады. Орта болған да да адам айналысуға тиімді әрекеттер: қарым-қатынас құруға арналған сайттар, форумдар, чаттар. Көбінесе адамдар өздерінің қызығушылықтарының арқасында, жаңа нәрселерді сынап көру мақсатында интернетке жіпсіз байланып жатады.

Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыпса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар интернетарқылы жандарына пана іздейді, яғни, өзіндегі депрессия мен қорқынышты елемеу үшін не болмаса қым-қуыт тіршіліктің реніштерін ұмыту үшін осындай амалдарға барып жатады.

Симптомдары [ өңдеу ]

Ғалымдар ауру мен интернетке тәуелділіктің тұжырымдамасына келгенде әрқилы пікірде болғанмен, интернетке тәуелделектің симптомдарына қатысты бір ауыздан төмендегідей бәтуа берген:

  • Интернетте жиі әрі бас алмай (ішіне кіріп кеткендей) отыру;
  • Бақылауды жоғалту (белгілеген уақытынан көп отыру);
  • Айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды елемеу, байланысын үзу);
  • Жұмысын қысқартып, оны тастап, интернетке ұмтылып тұру;
  • Интернетте отыруды әдетке айналдыру;
  • Интернетті пайдалануға кедергі туа қалғанда жүйкесінің қозуы;
  • Көп рет интернет пайдалануды қоямын деп қоя алмау;

Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:

  • Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді;
  • Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады;
  • Интернетте көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады;
  • Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін.

Сонымен қатар мынандай кері әсерлері болуы да ғажап емес:

  • Интернет қызметіне төленетін ақының көбеюі;
  • Шынайы өмірден алшақтап кету;
  • Іс-әректі мен мінезінің құбылуы;
  • Әлеуметтік ортадан оқшаулану (үйдегі адамдар, достары);
Ссылка на основную публикацию
Какой пароль придумать для apple id пример
Восстановление пароля от Apple ID Apple ID – учетная запись, используемая при авторизации на сервисах Apple. Учитывая повышенное внимание корпорации...
Как уменьшить вкладки в яндекс браузере
Автор: Юрий Белоусов · 04.05.2018 В Яндекс браузере на табло можно добавить всего 20 визуальных закладок, которые помогают пользователям быстро...
Как уменьшить логотип в фотошопе
Трансформация фотографий обязательная процедура работы дизайнера и ретушера, но в погоне за качеством финального результата мы часто забываем о мелочах,...
Какой формат игр на ps3
В данной статье я расскажу, какими основными способами можно записывать образы ваших лицензионных игр на PS3 Внимание! Автор данной статьи...
Adblock detector